Жарияланды: 450

Қорғаныс министрлігіне қарасты 54770 әскери бөліміне шабуыл жасалды!

Семейде Қорғаныс министрлігіне қарасты 54770 әскери бөліміне шабуыл жасалды. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз екі адам қару-жарақ иемденгісі келіпті.

Олар алдымен  инженерлік-саперлік бөлімнің кезекшісі асынған автоматты тартып алмақ болған. Әрі қарай әскери техника мен қару-жарақ сақталатын қоймаға өтпек болды ма, ол жағы белгісіз. Өйткені күзетте тұрған жауынгер рация арқылы әріптестерін көмекке шақырып үлгерген. Алайда олар жеткенше, әскери нысанды тонамақ болған екеу іздерін жасырған. Қазір Семейден шығатын жолдардың барлығында тәртіп сақшылары күшейтілген түрде жұмыс істеуде. Әзірше ешқандай нәтиже жоқ.   

Мереке Әлімбаев, Семей қаласы 54770 ә/б штаб бастығы:

- Бөтен екі адамның әскери нысанға қандай мақсатпен және қалай кіріп кеткенін тергеу анықтайды. Сондықтан біз қазір нақты еш нәрсе айта алмаймыз. Ең бастысы –барлық қару-жарақ орнында. Сарбаздар дін аман.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін