Қорғаныс вице-министрі Майкеевке қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс вице-министрі   Майкеевке қатысты сот басталды

Қорғаныс вице-министрі Майкеевке қатысты сот басталды

Бүгін Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеев те сот алдында жауап берді. Алматының әскери сотында басталған процесс жабық жағдайда өтіп жатыр.

  • 16 Мамыр 2014
  • 189
Фото - Caravan.kz


60 жастағы вице-министр аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Майкеев таныс кәсіпкерге бюджеттің миллиардтары бөлінген тендерді ұтып беруге әуде етіпті. Ал ауызбастырыққа 2 млн доллар сұраған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 3 ай бұрын сол ақшаны көлігінде санап алып жатқан жерінде Майкеевтің қолына кісен салған-ды. Бірақ өзі кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.