Қорғас «құрғақ портының» өнеркәсіптік аймағында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады - А. Баталов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғас «құрғақ портының» өнеркәсіптік аймағында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады - А. Баталов

Қорғас «құрғақ портының» өнеркәсіптік аймағында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады - А. Баталов

Алматы облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында экономикалық өсім орталықтарын қалыптастыру арқылы әлеуметтік-экономикалық әлеуетті дамыту үшін ауқымды жұмыстар қолға алынады, деді аймақ басшысы Амандық Баталов халықпен есепті кездесуінде. 

  • 19 Ақпан 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz


Облыс әкімінің айтуынша, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр, Райымбек аудандарының шекаралас елді мекендері ынтымақтастық нүктелері болмақ.

«Алтынкөл стансасының маңында Қорғас «құрғақ портының» өнеркәсіптік аймағы қуатты дамитын болады. Ол жерде 10 мың жұмыс орны құрылып, 50 мыңнан астам адам өмір сүретін болады. Сондықтан, жаңа қала салуға алаң дайындау мақсатында Бас жоспар мен осы аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын әзірлеуге кірістік», — деді Алматы облысының әкімі А. Баталов.