Жарияланды: 390

«Қорғаста» 70 келі контрабандалық бижутериямен қазақстандық азамат ұсталды

«Қорғаста» 70 келі контрабандалық бижутериямен қазақстандық азамат ұсталды

«Қорғас» бақылау-өткізу пунктінің (Қазақстан-Қытай шекарасы) шекарашылары Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға жаяу бара жатқан ҚР азаматы ұсталды.

Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 70 келі болған 3 қорапқа салынған бижутерия жиынтығы табылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Сол тәулікте Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығынан біздің елімізге жаяу бара жатып, «Айфон-5» 4 ұялы телефонын заңсыз өткізбекші болған тағы бір ҚР азаматшасы ұсталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін