Қорғастан 200 000-нан астам көлік кедендік рәсімдеуден өтті - шетелдегі қазақ баспасөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғастан 200 000-нан астам көлік кедендік рәсімдеуден өтті - шетелдегі қазақ баспасөзі

Қорғастан 200 000-нан астам көлік кедендік рәсімдеуден өтті - шетелдегі қазақ баспасөзі

 

  • 3 Желтоқсан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қорғастан 200 000-нан астам көлік кедендік рәсімдеуден өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Визасыз режим іске қосылғалы бері Қазақстанға кіріп-шығатындар саны артты — ukilialtay 

Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визалық жеңілдік 30 күнге ресми түрде күшіне енгені белгілі. Қазіргі уақытта Жеменей кеден бекетінен (бергі жағы Майқапшағай кеден бекеті – авт.) кіріп-шығатын жолаушылардың орташа тәуліктік саны 300-ден асады. Бұл туралы Қытайдың ukilialtay ақпараттық порталы хабарлайды. 

Фото: mp.weixin.qq.com

Жалпы Қытай мен Қазақстан арасында кадрлық сапарлары, экономикалық және сауда алмасулары жиі болып тұрады. Қытайлық кеден бекеті жоспарлауды күшейту және полиция күштерін мұқият орналастыру арқылы жұмысты ғылыми түрде ұйымдастырғанын және барлық тексеру арналарын ашқанын айтады.

Жеменей шекаралық бақылау бекетінің бірінші кезекші капитанының орынбасары Чэнь Руичи кедендік ресімдеу процедураларын оңтайландыру, тиімді және ыңғайлы ету үшін жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етеді.

Фото: mp.weixin.qq.com

«Қытай мен Қазақстан арасындағы 30 күндік визасыз режим 10 қарашада жүзеге асырылғалы бері кеден бекетінен кіріп-шығатын жолаушылар саны артты. Күн сайын 300-ден астам адам кіріп-шығатын тікелей өсу тенденциясына ие болды. Біз жолаушылардың кіріп-шығу үшін қауіпсіз, тиімді және ыңғайлы кедендік ресімдеу ортасын қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Кедендік ресімдеу процедураларын оңтайландыруда қызметтік басшылықты күшейту сияқты шараларды қабылдау арқылы жолаушыларға және кедендік ресімдеудің тиімділігін үнемі арттыруға мүмкіндік береміз», — дейді Чэнь Руичи.