«Қорқып, ештеңе айтпаған»: Ақмола облысында алты жасар қызды өгей әкесі зорлап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қорқып, ештеңе айтпаған»: Ақмола облысында алты жасар қызды өгей әкесі зорлап тастаған

«Қорқып, ештеңе айтпаған»: Ақмола облысында алты жасар қызды өгей әкесі зорлап тастаған

Ақмола облысының Астрахан ауданының полиция бөлімінің тергеушісі Жанар Такенова кәмелет жасына толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тергеген. Белгілі болғандай, алты жасар қыз өгей әкесінен қорқып, өзіне бірнеше рет зорлық жасалғанын айта алмай келген, деп хабарлайды «NewTimes.kz» басылымы.

  • 28 Ақпан 2023
  • 1668
Фото - Caravan.kz

Тергеу барысында аға лейтенант қысқа мерзімде қажетті тергеу жұмыстарын жасап, нәтижесінде күдікті анықталған. Ол қыздың өгей әкесі, Астрахан ауданының тұрғыны болып шыққан.

Ер адам кінәсі дәлелденгенін білген соң, қашпақ болған. Алайда тәртіп сақшылары оны дер кезінде ұстаған.

Жапа шеккен қыздың анасы құқық қорғау органы өкіліне аталған істі соңына дейін жеткізгені үшін алғыс айтқан.