Қоршаған ортаны қорғау министріне парламентте сөз сөйлеуге жақсылап дайындалып келуге кеңес берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоршаған ортаны қорғау министріне парламентте сөз сөйлеуге жақсылап дайындалып келуге кеңес берілді

Қоршаған ортаны қорғау министріне парламентте сөз сөйлеуге жақсылап дайындалып келуге кеңес берілді

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин сәрсенбі күні пленарлы отырыста Әкімшілік заңбұзушылықтар

  • 5 Наурыз 2014
  • 1076
Фото - Caravan.kz

туралы кодекске мөлшерден тыс парникті газ қалдықтары үшін өнеркәсіп орындарына айыппұл төлемдерін кейінге қалдыруға қатысты түзетулерді таныстырған Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың сөзін сынға алды.

«Нұрлан Жамбылұлы, дайындалу керек. Депутат Капельдің қосымша баяндамасынан бар мәселе түсінікті, оларға жауап бар. Баяндамашы материалды онша білмейтіні басқа мәселе. Бұл министрдің ашық баяндамасы емес пе. Парламентке келіңіз, жауап болу үшін мәселелерді білу керек. Сондықтан екінші оқылымға қарай өзіңіз және комнадаңыздың дайындалуын сұраймын. Бұл жұмыс тобының отырыстарында және комитет отырыстарында, әсіресе пленарлық отырыстарға қатысты», — деп Н.Нығматулин бүгін мәжілісте Н.Қаппаровқа сын айтты.

«Бұл не болғаны? Біресе сұрақты түсінбейді, біресе көмекшілері жауап береді», — деп палата төрағасы кейістік білдірді.


Парламент мүшелерінің сұрағына жауап бере отырып, министр бірнеше рет өз қарамағындағылардың көмегіне жүгінді.