Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бурабайда дауажай аймақтар салу үшін ағаштарды отауға рұқсат бермейді - мекеме басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бурабайда дауажай аймақтар салу үшін ағаштарды отауға рұқсат бермейді - мекеме басшысы

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Бурабайда дауажай аймақтар салу үшін ағаштарды отауға рұқсат бермейді - мекеме басшысы

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорғау министрі, оның мекемесі Щучинск-Бурабай дауажай аймағында туристік-ойын орталығын салу үшін ағаштарды отауға рұқсат бермейтіндігін айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Қазан 2007
  • 1117
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта «Бурабай» ұлттық паркінің экологиялық аудиті жөніндегі ірі жоба аяқталған. Ертең әкімшілік басшыларының орынбасарларында (президент әкімшілігі — агенттік ескертп.) жиналыс өтпек. Біз «Бурабайға» қатысты қатаң талап қоямыз. Ешқандай ағаш оталмауға тиіс»,- деп мәлім етті кеше қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов сенат депутаттарымен кездесу барысында.

«Біз Үлкен Чебачьені (көл — агенттік ескертп.) ұсындық. Әрине, бос орын бар, құрылыс салыңыздар, туримзді дамытыңыздар. Бірақ — біздің қатаң экологиялық талаптарымызды ескере отырып»,- деп қосты министр.

Бұрын хабарлағанымыздай, аталмыш дауажайды дамыту үшін Президент істері басқармасы әзірлеген, ұлттық паркте Щучье көлінде туристік аймақ салуды қарастыратын жоба бекітілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың наурызында үкіметтің көшпелі отырысында шипажай аймағын дамыту үшін төрт жер ұсынылған. Әрбіреуінің аумағы 1000 гектарға тең. Үш учаске «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі табиғи саябағымен жапсарлас жатыр. Оның аумағының басым бөлігі «Есіл Агро» ЖШС-нің иелігінде. Мәселен, аумағы 1000 гектарлық бір учаскенің 290 гектары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің, екінші мен үшіншісі — 800 гектарлық аумақтың 50 гектары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің иелігінде. Бұл аумақтардың бәрі далалық аумақта, Астана-Көкшетау тас жолының маңында, Үлкен және Кіші Чебачье көлдеріне жақын жерде орналасқан. Аумағы 980 гектарды құрайтын төртінші жер телімі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің иелігінде, Щучье өзенінің жағалауында орналасқан. Бұл аумақта 1 млн түп шырғанақ ағаштары мен бұталары өсіп тұр. Аталмыш учаске құрылыс салуға бекітілген жағдайда оларды қайта отырғызу қажет болмақ. Ал ағымдағы жылдың наурыз айында өткен үкіметтің көшпелі отырысында ауылшаруашылығы министрлігі жария еткен мәліметтерге сәйкес, бұл ағаштарды қайта отырғызған жағдайда олар тірі қалмайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті