«Ай аяғында Ленинградта отын, тағам мәселесі қиындап кетті. Дүкен сөрелері босап қалды. Тауар орнында бомбадан қорғану үшін құммен толтырылған қаптар тұрды. Бастапқыда 125 граммнан нан берген. Нан деген аты ғана, қандай ұннан жасалғаны белгісіз. Бір тәулікке кішкентай бір тілім нан. Негізінен, халық аштан қырылды», — деді Мария Панасюк.
Мария Александровна халық әскері жасағында болды. Кезекшіліктің бірінде бомбаның астында қалып, госпитальда оянған. Сол кезде қоршаудың бұзылғанын естіген. Ол Петропавлға 1953 жылы келген. Сағат шебері кәсібін үйреніп, жұмысқа орналасқан. Қалалық кеңес депутаты болып, 20 жыл сотта халық мәслихатшысы болған.
Мария Александровна екі бала өсіріп, тәрбиелеген. Бүгінде үш немересі, екі шөбересі бар. Солардың амандығы үшін көрген қиындығына еш өкінбейтінін айтты.
