Қос бірдей орынбасары парамен ұсталса да, Қостанай әкімі орнынан алынған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қос бірдей орынбасары парамен ұсталса да, Қостанай әкімі орнынан алынған жоқ

Қос бірдей орынбасары парамен ұсталса да, Қостанай әкімі орнынан алынған жоқ

Орынбасарлары оңбай қалған әкім орнынан алынған жоқ! Қол астындағы қос бірдей қызметкері бірінен соң бірі ұсталған Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов басшылық міндетін әрі қарай да атқара бермек. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Тамыз 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Екі бірдей жоғары лауазымды қызметкері тұтқындалып кеткен әкімдікте тіршілік әдеттегі қалпынан айнамаған. Қала басшысы қасында қалған жалғыз орынбасарымен уақытылы жұмысқа келіп-кетіп жүр. Ал қалған екеуі – абақтыда. Бірі -13 миллион теңге пара алып жатқанда ұсталса, екіншісі -300 мың теңгені кабинетінде қалтаға баса бергенде қолға түсті. Тек мұнысын екеуі де мойындап отырған жоқ. Сотта өздерін «сүттен ақ, судан таза» ұстап, әкімнің қасына қайта оралғысы келетіндіктерін де жасырмады.

Фрунзик Аракелян:

— Уважаемый суд, вину свою не признаю, думаю, что нужно просто разобраться.