Қостанай минералдары» АҚ келесі жылы асфальтбетон зауытын іске қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай минералдары» АҚ келесі жылы асфальтбетон зауытын іске қосады

Қостанай минералдары» АҚ келесі жылы асфальтбетон зауытын іске қосады

 «Қостанай минералдары» АҚ келер жылдың көктемінде жалпы құны 136,1 млн теңгелік асфальтбетон зауытын іске қосады.

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 772
Фото - Caravan.kz


Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, өндірістік қуаты бойынша зауыт сағатына 90 тонна өнім өндірмек.
2013-2014 жылдары компания бірнеше инновациялық өнімдер әзірлеген. Олардың қатарында хризотил талшығы мен ілеспе жыныстар негізінде минерал ұнтағы мен бекіту қоспасын жасау жобасы бар. Мұндай қоспалар жолды пайдалану мерзімін 25-30 жылға дейін ұзартып, ойық-шұңқырлар қалыптасуына кедергі келтіреді және жол салу мен пайдалану шығынын 30 пайызға қысқартады.
Болашақта зауыт карналлит, магнезиялы цемент, әйнек-магний төсем сынды жаңа өнімдер алмақ.