Жарияланды: 390

Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі А.Твердохлебов қамауда қалдырылды

Бүгін Қостанай облыстық соты Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі А.Твердохлебовқа қатысты бірінші сатылы сот таңдаған тосқауылдау шарасын өзгертусіз қалдырды.

Осыған дейін хабарланғандай, 25 мамырдан бері ол тергеу изоляторында тұтқында отыр. А.Твердохлебов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мария Щеглова мен Қостанай облыстық әкімдігінің заң бөлімінің бастығы алдын ала келісім бойынша топтасып, кәсіпкерден 170 мың доллар көлемінде пара алған деп айыпталып отыр. Шенеуніктің адвокаттары тұтқындаудан басқа тосқауылдау шарасын қолдануды сұраған еді. Бірақ сот оған телініп отырған баптың ауырлығы мен тергеуге кедергі келтірілуі мүкіндігі, сонымен қатар айыпталушының қуғындау органдарынан сытылып кетуі мүмкін деген желеумен оны мүмкін емес деп тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть