ТЖМ ақпаратына сәйкес, 2 қаңтарда Қостанай облысының Тобол ауылында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 72 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.
Сонымен бірге, оқыс оқиға 2 қаңтарда 12 сағат 30 минутта Денисовка ауылындағы жай үйде болды. 51 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.
«Көмір жағатын пештің ақауы оқыс оқиғаның шығуына себеп болды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті