Қостанай облысында 5 күн ішінде 47 килограммнан астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 5 күн ішінде 47 килограммнан астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді

Қостанай облысында 5 күн ішінде 47 килограммнан астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қостанай облысында 5 күн ішінде 47 килограммнан астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Нашақор» атты жедел — алдын-алу іс-шараларын жүргізу барысында бес күн ішінде 15 есірткі қылмысы тіркелген. «Олардың 6-ы есірткі сату дерегі, 6 есірткіні сақтау дерегі, 2 есірткі пайдалану дерегі»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметтерінше, есірткі пайдаланғаны үшін есепте тұрған 488 тұлға тексерілген, есірткіге тәуелді 14 адам анықталып, 27 адам есепке тұрғызылды. Рудный қаласындағы бір есірткі сату орны жойылды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері полицейлермен бірлесе отырып Ресей Федерациясына 5 килограммнан астам марихуана алып өтпек болған Федоров ауданының 37 жастағы тұрғынын құрықтады. Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының инспекторы Гүлнәр Чуншалиеваның айтуынша, есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан барлығы 570 килограммнан астам әртүрлі есірткі заттарын тәркілеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті