Қостанай облысында әйнек тазалауға арналған сұйықтықтан 5 адам уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында әйнек тазалауға арналған сұйықтықтан 5 адам уланды

Қостанай облысында әйнек тазалауға арналған сұйықтықтан 5 адам уланды

Өткен демалыс күндері Қостанай облысының Әулиекөл ауданында әйнек тазалауға арналған сұйықтықтан 5 адам уланып қаза тауып, тағы 6 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 14-маусымда Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2005
  • 593
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, «Тимофеевка-агро» ЖШС егіншілер бригадасының механизаторлары «әлдебір оқиғаны атап өтпек болады». Сөйтіп олар кәсіпорын жуырда ғана сатып алған шетелдік тракторлардың жабдықтар жиынтығына кіретін әйнек тазартуға арналған сұйықтықты спиртті ішімдіктің орнына қолдануға шешім қабылдайды.

Соның салдарынан үш механизатор оқиға орнында мерт болса, екеуі Әулиекөл ауылындағы аудандық аурухананың реанимация бөлімшесінде есін жимастан қаза тапты. Жеңіл түрде уланған алты адам дәрігерлердің бақылауына алынды.
Аурухананың бас дәрігері Сергей Шульгиннің айтуынша, барлық науқастардың ішкі органдарына ауқымды ақау келген. Оған сұйықтық құрамындағы метанол себепкер болса керек.