Қостанай облысында ауыл тұрғыны үлкендігі адамның басындай тіс тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында ауыл тұрғыны үлкендігі адамның басындай тіс тауып алды

Қостанай облысында ауыл тұрғыны үлкендігі адамның басындай тіс тауып алды

Ерекше олжа жергілікті музейге тапсырылды

  • 12 Қараша 2017
  • 563
Фото - Caravan.kz

Торғайда ер адам көлемі адамның басымен бірдей мамонттың тісін тауып алды, деп жазды "Костанайские Новости" газетінің сайты.

Шаруа Мұрат Салмұратов Торғай қаласынан 40 километр жердегі қыстақта ерекше олжаға кенелген. Содан соң оның видеосын желіге жүктеген. Тістің ұзындығы – 16,5 сантиметр. Көлемі бойынша шамамен адамның басындай.

Тіс тамақты шайнауға қажетті көптеген көлденең тілімнен тұрады. Мамонттардың төрт тісі болған – үстіңгі жақта екеу, астында екеу. Тіс түскенде орнына жаңасы шығып отырған. Мамонт алты ретке дейін тісін ауыстырған.


Мұрат Салмұратов табылған олжаны жергілікті музейге тапсыруға шешім қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар