Қостанай облысында балалар құқығын қорғау департаменті құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында балалар құқығын қорғау  департаменті құрылды

Қостанай облысында балалар құқығын қорғау департаменті құрылды

Қостанай. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында балалар құқығын қорғау департаменті құрылды , ол ахуалға талдау жасап, облыстағы балалар ахуалына қатысты нақты шара қолданатын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 629
Фото - Caravan.kz

«Департаменттің бақылау және басқа да функциялары бар. Бірінші кезекте біздің департамент Қостанайлық балалардың ахуалын зерттеп, талдамақшы. Бірақ бұл жұмыстар семинар-жиындар түрінде емес, жағдай балалардың өзінен сұрап -білу арқылы анықталады», -деп мәлімдеді жаңа департаменттің директоры Ольга Ковалевская.

Департаментте 20 адам қызмет етеді. Оның басты мақсаттарының бірі -балалар үйлері мен интернаттар түлектерін баспанамен қамтамасыз ету. Сонымен бірге, департамент өзін-өзі жазым етуге бейім балалармен шұғылданатын болады.

О. Ковалевскаяның айтуынша, департамент жұмысының мақсаты — «балаларға қатысты қаталдық пен олардың құқығының бұзылуының алдын алу және осындай оқиғаларға тез арада жауап қату». «Біз балалардың тақсыреті туралы әрбір хабарға жедел жауап қататын боламыз», — деді О. Ковалевская.

Департаментте бұған қоса +7(7142)54-76-44 телефоны бойынша «шұғыл телефон» желісі жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті