Биыл Қостанай облысында 5,1 млн гектар алқапқа бидай егіледі. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 33 мың гектарға кем, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл 4,7 млн гектарға жаздық бидай (2014 жылғыдан 17 мың га артық) себіледі. Оның 4,2 млн гектарына бұршақ тұқымдас дақылдар егіледі.
Ал, бидай егілетін алқап көлемі 16 мың гектарға қысқарып, 3,7 млн гектарды құрамақ.
Астық дақылдарының ішінде жемдік дақылдар себілетін алқап 36 мың гектарға (345 мың га), жарма дақылдары 12 мың гектарға (27,6 мың га), бұршақ тұқымдас дақылдар алқабы 15 мың гектарға (38 мың га) артады.
Майлы дақылдар егілетін егіс алқаптары да 5 мың гектарға артып, 367 мың гектарды құрамақ.
129 мың гектарға зығыр, 121 мың гектарға күнбағыс, 27 мың гектарға рапс, 91 мың гектар алқапқа басқа майлы дақылдар себілмек.
Жалпы, облыс бойынша картоп алқабы 118 гектарға, көкөніс алқабы 41 гектарға, бау-бақша дақылдары 80 мың гектарға артады.