Қостанай облысында бір жарым жасар сәби алкогольден уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында бір жарым жасар сәби алкогольден уланып қалды

Қостанай облысында бір жарым жасар сәби алкогольден уланып қалды

Қостанай облысындағы Қарабалық ауданының Славенка ауылында шарап ішкен 1,5 жасар ұл бала уланып, аудандық аурухананың стационар бөліміне жеткізілді.

  • 16 Маусым 2015
  • 486
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға туралы қарабалықтық «Айна» газеті хабарлады. Басылым уланған баланың анасының сөздерін келтірген. «Бұл отбасымыздағы үшінші бала — өте көп қозғалады, бәрін білгісі келеді. Оған дұрыс қарай алмадық. Сол күні мен түскі ас дайындап жүрдім, ал күйеуім әкесімен бірге аулада болды. Сыртқа шығып қалсам, ұлымыздың гараждан қолына бір бөтелке шараппен шығып жатқанын көріп қалдым. Шынымды айтсам, бұл жағдайда не істерімді де білмедім. Бәрі жақсы болар деген үмітпен баланы ұйықтаттық, бірақ ол мазасыздана түсті. Содан кейін үйімізге медициналық қызметкерді шақыртып, ол баланы шұғыл аудан орталығына апару шешімін қабылдады», — деп баяндады баланың анасы.

Бала ауруханаға есінен танған күйінде жеткізілді. Алайда дәрігерлер қолданған шұғыл шаралардан кейін бүлдіршіннің жағдайы қалпына келді.