Қостанай облысында бөкендердің жаппай қырылуының себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында бөкендердің жаппай қырылуының себебі анықталды

Қостанай облысында бөкендердің жаппай қырылуының себебі анықталды

Қостанай облысында бөкендердің жаппай қырылуына пастереллез індеті себеп болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Мамыр 2015
  • 436
Фото - Caravan.kz


Соңғы деректерге қарағанда, аймақта 81 мың 970 жануардың өлексесі көмілді.
Бөкендер жаппай қырылған Жангелді ауданында штаб құрылып, комиссия жұмыс істеп жатыр.
"Қырылған жануарлардың ағзасынан пастереллез бактериясы табылуына байланысты 2015 жылдың 22-мамырынан бастап Қостанай облысы Амангелді ауданының Үрпек ауылдық округі аумағында ветеринарлық-санитарлық шектеу енгізілді", — делінген хабарламада.
Қазір Бетпақдаланы мекендеген бөкендердің өлексесін көму жұмыстары жалғасып жатыр.
Бөкендер Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында жаппай қырылуда. Бастапқы болжам бойынша олардың өліміне пастереллез инфекциясы түрткі болған болуы мүмкін.
2013 жылы Қазақстан аумағын мекендейтін ақбөкендердің саны 187 мың болатын. Елімізде 2021 жылға дейін киік аулауға тыйым салынған.