Жарияланды: 400

Қостанай облысында бүтін бір ауыл көк түтінге тұншығып отыр

Оған себеп елді-мекен іргесіндегі асфальт зауыттың тазалықты сақтамауы. Өндіріс оны қалдықтарын да сол жерде өртейді екен. Ауаның тарылуынан соңғы уақытта ел ішінде демікпе сияқты түрлі ауруға шалдыққандар саны артыпты.  

Бұл – Қостанай іргесіндегі Узкая-Колея атты шағын ауыл. Маңайына әуелден өндіріс орындары шоғырланған. Таза ауа мұнда ешқашан болған емес. Дегенмен соңғы кезде асфальт зауыты мазаны әбден қашырыпты. Күні-түні тынбайтын кәсіпорынның көк түтіні өз алдына, шыққан қоқысты да олар есік алдына өртейді екен.  

Мария Әуелбекова, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Осы жерде ылғи қоқысты жағады. Таңертең терезені ашу мүмкін емес. Түтін, иіс. Кешке де сол. Машинамен әкеп қоқысты да төгіп жатыр. Адам бар-ау деп жатқан ешкім жоқ.

Ауаның ластануынан ел арасында демікпе сияқты тыныс жүйесі аурулары қозған. Әсіресе, қарттар арасында көп. Көк түтін кесірінен аптап ыстықта да тұрғындар есік-терезені тұмшалап отырады.

Қабыл Мейрамбек, Қостанай қаласының тұрғыны:

-Не түтін, не шаң екені белгісіз. Таза ауа деген жоқ мұнда.Шаң кірген кезде өзі қалың-қалың болып жатады үйдің ішінде. Біраз нелерге бардық. Бірақ ешкім көмек те берген жоқ, келген де жоқ..

 Ақыры ел тексеруге өздері кіріскен. Сөйтіп, зауытта тазалыққа қажетті техниканың жоқтығын анықтапты. Кешенде шаңды ұстайтын қарапайым сүзгі де жоқ. Өрескел бұзылған талапты әкімдік пен прокуратураға жеткізгені екен. Бірақ саусақ ұшын қимылдатқан олар жоқ. Өйткені кәсіпорынға болмашы айыппұл төлеп отыра берген ыңғайлы. Ақыры тұрғындардың өздеріне қимылдауға тура келді.   

Бірақ есік алдына келген жұртқа әдеттегідей басшы атаулының бірі де төбе көрсеткен жоқ. Күзетшілер сөзіне қарағанда, барлығы іс-сапарға кетіпті-мыс.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін