Қостанай облысында диқандар 476,5 млн теңге қарыз болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында диқандар 476,5 млн теңге қарыз болды

Қостанай облысында диқандар 476,5 млн теңге қарыз болды

Қостанай облысының диқандары мемлекетке 476,5 млн теңге қарыз болды.

  • 20 Қаңтар 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz


Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мәлімдегендей, диқандардың  несие бойынша қарыздары 2014 жылы жалпы 474 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2012-2013 жылдар ішінде диқандарда 2,5 млн теңге қарыз қалған.
Диқандар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыздарымен есептесуі тиіс болатын.
Қарызын өтемегендер айыппұл төлейді. 1 қаңтардан бастап бұл жалпы қарыздың 10%-ы болды. Алайда, қазір «Азық-түлік корпорациясы» басшылығы диқандарға жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Қаңтардың соңына дейін қарызын жабатындарға тек 2%, ақпан айында – 3%, наурыз айынан бастап қайта 10% құрамақ.