«38 және 47 жастағы екі әйелдің денесі бір-бірімен жапсарлас алтын және киім сататын дүкендерден табылған. Біреуін тұншықтырып өлтірген, ал екіншісінің басына қатты соққы берген»,- деп хабарлады Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Марат Ысқақов.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, әйелдердің өлі денесін бір жәбірленушінің қызы тауып алып, полицияға хабар берген. Оқиға болған жерге Қостанай облысының Ішкі істер департаменті мен Әулиекөл АІІБ жедел-тергеу тобы келген. Оқиға болған жерді тексеру барысында, дүкендерден барлығы 845 алтын бұйымдар мен киімдер, сондай-ақ сейфтен 311 мың теңге көлемінде ақша жоғалғандығы белгілі болды. Ұрлық салдарынан келген жалпы шығынның көлемі 11 млн теңгеден асып жығылады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
«Тергеу барысында, дүкен иесіне осы дүкендерге тиісті күзет, дабыл кнопкасын орнату туралы, сондай-ақ жұмысқа күзетші қабылдау туралы бірнеше рет нұсқама берілгендігі белгілі болды. Бірақ ол бұл талаптарды орындамаған. Қылмыстың жасалуының бір себебі де осы»,- деді М. Ысқақов. Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-тармағы бойынша (екі немесе одан көп адамды өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті