"Прокуратура есепке алынбаған алкоголь өнімдерін сату фактілері бойынша зауыт басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғады. Заңсыз айналымнан 39 мың жалған есепке алу-бақылау маркісі (УКМ) мен жалған УКМ жапсырылған 29 мыңнан аса алкоголь өнімі құйылған бөтелке тәркіленді", делінген дүйсенбіде облыстық прокуратурадан таралған баспасөз хабарламасында.
Зауыттардың бірінен құрылғы табылған, оның көмегімен есепке алынбаған өнім шығарылып отырған.
"Яғни ресми статистикада көрсетілмеген, сәйкесінше салық төленбеген арақ шығарылып отырған".
Прокуратура дерегіне қарағанда, мемлекетке 3 млн теңгеден аса залал келтірілген.
"Интерфакс-Қазақстанға" облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Рүстам Садықов атап өткендей, зауыт басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.