Қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы күдіктіден 228 грамм героин тәркіледі. Ал Рудный қаласында 57 жастағы тұрғыннан героин салынған 24 орама табылды. Ұсталған азамат ІІ топтағы мүгедек болып шықты.
«Қостанай облысында 12 мамырдан «Допинг» акциясы басталды. Аталған шараның басты мақсаты — есірткілік және психотроптық заттардың заңды айналымындағы заңның сақталуы мен заңбұзушылықтарды анықтау. Есірткі бизнесіне қатысты қылмыстарды әшкерелеу шаралары жалғасуда», — деді А.Нұрмахин.