Полицейлер қаладан сыртқа шығатын жолды жапты. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанайдан Түменге бара жатқан рейстік автобус та апатқа ұшырады. Затоболь кентіне кіреберісте көлік артқы бөлігімен жол жиегіне сырғып кетті. Арнайы қызмет автобусты эвакуациялады, жолаушылар аман-есен.
Әкімшілік полицияда атап өткендей, апаттың көбеюіне көлік иелерінің қысқы резеңкені уақтылы ауыстырмауы да себеп болуда.