Жарияланды: 500

Қостанай облысында майлы дақылдарды жинау аяқталды

Қостанай. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында майлы дақылдарды жинау аяқталды. Қарашада күнбағысты жинау аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ауылшаруашылығы департаментіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында майлы дақылдарды жинау толық аяқталып, бүгінде облыстың 7 ауданында 4,5 мың гектардан түсім жиналды. Жалпы жиналған түсім 3200 тонна болды. Сөйтіп, облыс бойынша орташа шығымдылық бір гектардан 7,1 центнер болды. Ең жоғары шығымдылық Федоров және Денисов аудандарында тіркеліп, бір гектардан тиісінше 12 және 9,8 центнер болды. Қазір кәсіпорындар оны өңдеуге кірісті. Облыста 77 000 гектар рапс, 4700 гектар күнбағыс, және алғаш рет 6400 гектар зығыр егілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін