Жарияланды: 460

Қостанай облысында мал дәрігерлік полициясы пастереллез жұқтырған сиыр етінің ірі партиясын тәркіледі

Қостанай. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында мал дәрігерлік полициясы пастереллез жұқтырған сиыр етінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тауар 9 қыркүйекте Сарыкөл трассасының 15-ші шақырымында көшеде сауда жасаушыдан тәркіленген. Ер адам сиырдың етін автокөлігінің салонына жайып қойып, тура жол шетінде сатып тұрған. Ет сатқан кезде міндетті түрде болуға тиіс құжаттар: малдың ветеринарлық төлқұжаты, мал дәрігерлік-санитарлық сараптама актісі, ветеринарлық куәлігі онда жоқ болып шықты", -дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары мен мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлар етті тәркілеп, сараптамаға жіберді. Тексеруден кейін еттен пастереллез дерті анықталған. Мал ауырып жатқан кезде сойылған, дейді баспасөз қызметіндегілер. Сатушыға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынып, зарарлы ет жойылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін