Қостанай облысында өлген киіктердің мүйізін сатпақ болған волонтер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында өлген киіктердің мүйізін сатпақ болған волонтер ұсталды

Қостанай облысында өлген киіктердің мүйізін сатпақ болған волонтер ұсталды

Қостанай облысында жаппай қырылған ақбөкендерді өз пайдасына жаратпақ болған азамат ұсталды. Еріктілер қатарына кіріп, киіктердің өлексесін жинауға көмектескен жігіт қызыл кітапқа енген жануардың 119 мүйізін сатпақ болыпты.

  • 1 Шiлде 2015
  • 216
Фото - Caravan.kz

Полицейлер ақбөкендердің мүйізін күдіктіге тиесілі гараждан тапқан. Түз жануарының қырылуынан өз материалдық жағдайын түзеп алғысы келген азамат мүйіздерді облыс орталығында сатуды жоспарлаған көрінеді. Жалпы салмағы 10 келіге жуық тауардың құны қара базарда бір жарым миллион теңгені құрайды. Бұл Қостанай облысында тіркеліп отырған оныншы жағдай. Бұған дейін тәртіп сақшыларының құрығына ілінгендердің әрқайсының 1 жылдан бостандығы шектелген болатын.