Жарияланды: 350

Қостанай облысында өрт салдарынан екі адам мерт болды

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Аманжол ауылында өрт салдарынан 2 қария қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт жеке меншік тұрғын үйде шығып, 2 шаршы метрлік алқапта төсек жабдықтары өртенген. Өртті сөндірген кезде қайтыс болған екі адамның мүрдесі табылды. Өлімге көмірқышқыл газынан улану себепкер деп танылды. Өртті жергілікті тұрғындар мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі келмей тұрып сөндіріп үлгерді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін