«Кабельдік арналар халықтан жарнама қабылдап алып, оны жылжымалы мәтін түрінде арналардан береді. Алайда, кабельдік операторлар әлемдік арналармен жасалған келісім шарт бойынша арнаның ретрансляциялауына араласуға құқықтары жоқ екендігі анықталды. Бұл жерде нарықтағы бәсекелік жағдайдың бұзылуы көзге ұрып тұр», — деді А. Камшамбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша «Қазақстан» ұлттық компаниясының кабельдік операторларға түсірген шағымы бойынша сот процесі жүруде».
Бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілі, сонымен қатар, аймақтық орган заң бұзушыларға қатысты жарнама қабылдау мен телеарналарды ретрансляциялау жұмысына араласуды тоқтату туралы шешім шығарғанын атап өтті.
Өз кезегінде Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Әлиакпар Матышев өзінің қарамағындағыларға «бұл істі көпшілікке жариялауды тапсырды». «Еуропа чемпионаты (футболдан — «Қазақстан Бүгін» агенттігінің ескертпесі) мен Олимпиада өтетін алдағы жылы шағымдар түсуі әбден мүмкін. Сондықтан, кабельдік операторларға қазірден бастап шара қолдану керек», — деді Ә. Матышев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті