Қостанай облысында құдықтан өлі табылған нәрестеге қатысты тың деректер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында құдықтан өлі табылған нәрестеге қатысты тың деректер шықты

Қостанай облысында құдықтан өлі табылған нәрестеге қатысты тың деректер шықты

Қостанай облысында құдықтан өлі табылған сәбидің анасы болуы мүмкін деген 38 жастағы келіншектен ДНК сараптамасы алынды.

  • 28 Қаңтар 2019
  • 69
Фото - Caravan.kz

Оқиға 2018 жылдың сәуір айында Федоров ауданындағы Кенарал ауылында болған, деп жазады alau.kz.

Әскери қызметкер құдықтан жаңа туған сәбидің өлі денесін тауып алған. Көп ұзамай полицейлер нәрестенің анасы болуы мүмкін деген келіншекті ұстағандарын хабарлаған.

Жаңа туған сәбиін өлтіру бабымен бұған дейін қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейін 2 сараптама жүргізілді. Бірі баланың өлі туғанын, екінші ДНК сараптамасы күдікті келіншектің сәбиге қатысы жоғын дәлелдеді.


Соңғы жаңалықтар