Қостанай облысында су алған аймақтан 300-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында су алған аймақтан 300-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды

Қостанай облысында тасқын салдарынан су астында қалған тұрғын үйлерден 300-ден астам адам эвакуацияланды, деп облыстық төтенше жағдайлар лепартаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
           9 тамыз күні Ресей аумағында қатты нөсер салдарынан Челябі облысында Котенино елді мекені ауданында дамбаны су шайып, тасқын Қазақстан аумағына Қостанай облысы Тарановск, Қарабалық және Федоров ауданының елді мекендеріне бағытталған. Су алу қаупі бар жерлерде бақылау ұйымдастырылды.
           Су алу қаупі бар аумақтардағы тұрғындарға хабар беру және эвакуациялау туралы шешім облыстық төтенше жағдайлар департаментінде құрылған жедел штаб отырысында қабылданды.
           10 тамыз күні кешкісін Қарабалық ауданында Веренка елді мекені ауданындағы жол арқылы су аққаны туралы мәлімет келіп түсті. 11 тамызда Таран ауданындағы Аят өзені бойын жағалап үйілген тіреуді шайып кеткен.
           Су алу қаупі бар сегіз ауылдан 320-дан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.
           Қазіргі кезде бұл аймақтардағы су деңгейі азаюда.

  • 12 Тамыз 2013
  • 397
Фото - Caravan.kz