Қостанай–Федоровка жолында өткен сейсенбіде жеңіл көліктің жүргізушісі көлікке ие бола алмай “жедел жәрдем” көлігімен соқтығысып қалды, деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінен.
Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды, оның жолаушысы сол орында қаза болды, “жедел” жәрдем” көлігіндегі екі адам да жарақат алды.