Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ірі көлемдегі есірткі Федоровск ауданының Озерный аулының 45 жасар тұрғынынан тәркіленген. «Ұсталғанның үйін тексеру барысында полиция қызметкерлері марихуана салынған 26 қап пен гашиша салынған үш дорба тауып, тәркілеген»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр, тергеушілер есірткінің аймаққа келу арнасынан анықтауда.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Қостанай облысының полицейлері заңсыз айнылымнан бір тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті