Жарияланды: 340

Қостанай облысында жылқыларға оқ атқан барымташылар ұсталды

Қостанай облысының Меңдіқара АІІБ-нің қызметкерлері жылқыларға оқ атқан барымташыларды ұстады.

Ауыл тұрғындарына келтірілген жалпы шығынның көлемі 1 миллион 250 мың теңгені құрады, деп хабарлады Меңдіқара АІІБ бастығының орынбасары Бейбіт Қабдырахметов. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 20-30 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олар жайылымдағы жылқыларға оқ атқан. Жылқылардың етін алыпсатарларға сатып, одан түскен ақшаны тең бөлісіп отырған. Б.Қабдырахметовтің айтуынша, шұғыл жедел-іздестіру шаралары өткізіліп, тергеу-жедел топтары оқиға орнына жеткен. Ұсталған күдіктілер қылмыстарын мойындап, түсініктеме берді. Барымташылардың үшеуі қамауға алынды, қалғандары ешқайда кетпеу жөнінде қолхат толтырды. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін