Қостанай облысындағы сотталғандар арасындағы төбелес кезінде 1 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы сотталғандар арасындағы төбелес кезінде 1 адам қаза тапты

Қостанай облысындағы сотталғандар арасындағы төбелес кезінде 1 адам қаза тапты

29 маусымда Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі түрмеде екі сотталғанның арасында дау туып, кейін ол төбелеске ұласты, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің баспасөз қызметінен. 

  • 15 Шiлде 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Төбелеске қатысқандардың бірі 28 жастағы сотталған жарақат алып, Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Бір аптадан соң ол көз жұмды. Оның жазасын толық өтеп болуына  шамамен 3 жыл 6 ай қалған еді», — делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

«Төбелеске қатысқан екінші адам оқшауланды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның жазасын толық өтеуіне 10 ай қалған. Бүгінде сотталған өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді ҚАЖ Комитетінде.