Қостанай облысындағы Затобольск кентінде ит талаған бала ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы Затобольск кентінде ит талаған бала ажал құшты

Қостанай облысындағы Затобольск кентінде ит талаған бала ажал құшты

Затобольскте аудан орталығының 10 жасар тұрғыны Сергей Рындин ит талағаннан ажал құшты.

  • 25 Маусым 2015
  • 714
Фото - Caravan.kz


Қайғылы оқиға жалға алынған жеке кәсіпорын аумағында орналасқан тәлімбақта болған.

Баланың қалай қайтыс болғанын ешкім көрмеген, оның мүрдесін бірнеше тәуліктен кейін полицейлер тапты.

 «Бала 18 маусымда жоғалып кеткен. Күндіз анасы полицияға баланы іздестіру туралы өтінішпен келді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен. — Жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді, тергеу-жедел тобы құрылды. Баланың мүрдесі адам танымастай күйде 20 маусымда табылды. Ер бала күзетші боп істейтін ағасымен кездесу үшін келген бүлдіршін ит жүрген маңға барған. Бастапқы сараптама ол иттің талауынан қайтыс болған деген болжам жасады. Сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.