Қостанайда 90 жылқы жоғалып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда 90 жылқы жоғалып кеткен

Қостанайда 90 жылқы жоғалып кеткен

Оқиғаның Ұзынкөл ауданында болғанын alau.kz хабарлайды. Үйір жылқы иесі Сергей Кащенконың айтуынша, 90 бас қылқұйрық із-түссіз жоғалып кеткен.

  • 19 Желтоқсан 2016
  • 779
Фото - Caravan.kz

"Олардың әрқайсысының табанында "К" және "12" деген таңба бар. Сондай-ақ, көбісі ақ жалды. Үйірді іздеп қайда ғана сабылмадым деңіз, тіпті Қорған облысына дейін бардым. Ешқайда жоқ. Полицейлерге де арыз беріп қойдым", — дейді жылқышы.

Ол шегіп отырған шығын көлемі 20 млн теңгеден асады. Үйірдің қайда жүргендігі туралы қандай да бір ақпараты берген адамға жақсы сыйақысы барын айтады.