Қостанайда адам өміріне қауіпті қауын-қарбыз сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда адам өміріне қауіпті қауын-қарбыз сатылып жатыр

Қостанайда адам өміріне қауіпті қауын-қарбыз сатылып жатыр

Қарбыз алып қапа болған жұрт. Қостанайлықтарға адам өміріне қауіпті қауын-қарбыз сатылып жатыр. Жол жиегіндегі жабайы базарлардағы өнімдерде нитраттардың мөлшері шамадан 2 есе асып кеткен.

  • 29 Шiлде 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz

Қауіпті қоспаны санитар дәрігерлер тексеріс кезінде тапқан. Сауда орындарын аралап шыққан мамандар сатылымға шығарылған жеміс-жидектердің басым бөлігінде химикаттардың мөлшері көп екендігіне көз жеткізді. Талап бойынша қарбыздың әр келісінде нитрат 60 миллиграмнан аспауы тиіс. Бірақ сөрелердегі өнімде бұл көрсеткіш 100-ден кем емес. Қауындар да химикатқа толып тұр. СЭС мамандары осындай қауын-қарбыздардың сатылуына тыйым салатын құзіреті жоқ. Сондықтан олар тек химикатқа толы жеміс-жидектен бас тартуға кеңес береді.

Айдархан Жүсіпбек, Қостанай қаласының тұрғыны:

–Не істеймін енді?! Алып қойдым, қайтадан өткізетін шығармын. А то денсаулық керек. Алданбас үшін қайтадан өткіземін енді. Мұндай нитратты жеуге болмайды. Химикаттар зиян, онсыз да біздің химикаттарымыз жетеді.