Жарияланды: 500

Қостанайда апат салдарынан 120 үй көгілдір отынсыз, 40 үй электр жарығынсыз қалды

Бүгін, 2-маусымда қаланың тар көшелерінің бірімен келе жатқан КРАЗ автокөлігінің үстіңгі қорабы көтеріліп кетуі салдарынан көгілдір отын құбырының біраз бөлігі қирап, электр бағаналары құлаған.

KZ-today тілшісіне жол полициясынан хабарлауынша, қораптың күтпеген жерден көтеріліп кеткенін айтқан КРАЗ жүргізушісі ақаудың шығу себебін түсіндіре алмаған. Апат салдарынан 120 үй көгілдір отынсыз, 40 үй электр жарығынсыз қалды. Сондай-ақ, бұл ауданда телефон байланысы үзілген. Апат болған жерге келген Қостанай қалалық электр желілері компаниясының аға монтеры Анатолий Юровтың айтуынша, ауданға электр жарығы бүгін кешке дейін беріледі. Ал көгілдір отын құбырын жөндеу жұмыстары алдағы жұмаға дейін жалғаспақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть