Қостанайда арзан етке таласқан тұрғындар төбелесіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда арзан етке таласқан тұрғындар төбелесіп қалды

Қостанайда арзан етке таласқан тұрғындар төбелесіп қалды

Арзан азық-түлік жаға жыртыстырды. Демалыс күндері Қостанайда өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде қала тұрғындары кезекке таласты.

  • 4 Қараша 2014
  • 173
Фото - Caravan.kz


Өңірлерден арзан бағаға жеткен сұйық май мен ет өнімдерін қостанайлықтар небәрі екі сағаттың ішінде талап әкеткен. Сондай-ақ сөрелерге шығарылған жұмыртқаларға да ұзын-сонар кезек болды. Қала тұрғындары оны да молынан алып қалуға тырысты. Себебі жұмыртқаның бағасы базарда 220 теңге болса, жәрмеңкеде 60 теңгеге арзан. Ұн мен макарон өнімдерінің жағында да адам аз емес. Болашақта азық-түліктің осы түрі тапшы болуы мүмкін деген қауесет тараған соң, олардың саудасы қызғанға ұқсайды.