Жарияланды: 300

Қостанайда автокөлік асфальттың ойығына түсіп кетті

Қостанайда автокөлік асфальттың ойығына түсіп кетті Сурет - Alau.kz

ҚазАқпарат - Қостанай тұрғынының көлігі астфальттың ойығына кіріп кетті. Жүргізуші әйел тоқтағысы келгенін, артқа шегініп, сосын алға жүрген кезде алдыңғы дөңгелектері асфальтқа кіріп кеткенін айтқан.

Бұл туралы Alau.kz. ақпаратына сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады

«Қостанай жүргізушілерін ескерткім келеді, жолда абай болыңыздар, көлік ай-күннің аманында асфальтқа  кіріп кетті», - деді жазды ол. Оның айтуынша, жердің астынан жылу келіп тұрған. Ол жылу құбыры жарылды деп болжап отыр.    «Адамның түсіп кетуі әбден мүмкін.  Шынымен қорқынышты болды. Машина жерге кіріп бара жатқанда, әрең шығып үлгердім», - дейді ол.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kostanayda-zhol-talgamaytyn-kolik-asfal-ttyn-oyygyna-kirip-ketti_a3024487

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін