Қостанайда бір ЖШС-іне шабуыл жасалып, шығын көлемі 4 млн теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда  бір ЖШС-іне шабуыл жасалып, шығын көлемі  4 млн теңгені құрады

Қостанайда бір ЖШС-іне шабуыл жасалып, шығын көлемі 4 млн теңгені құрады

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда 17 қарашада "Одақ" ЖШС-іне шабуыл жасалып, қолды болған ақша көлемі 4 млн 694 мың теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ақпарат және бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 350
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, түнгі сағат 3.50-де бетперде киген үшеу алдау жолымен «Одақ» ЖШС-нің аумағына кіріп, шолық аңшы мылтығымен қорқыту арқылы 20 және 22 жастағы екеі күзетшіні соққыға жығып, байлап тастаған.

«Шабуылшылар металл жәшіктен 1 млн 753 мың теңгені, 1128 дана ұялы байланыстың абоненттік карточкаларын алып іздерін жасырып кеткен. Жалпы шығын көлемі 4 млн 694 мың 473 теңге болды. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр», -деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті