Қостанайда болған өрт салдарынан әйел ажал құшты
Қостанай қаласындағы жеке тұрғын үйде 16 қараша күні сағат 14:39-да өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. Жалын сағат 15:01-де ауыздықталып, 15:28-де сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 10 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 56 жастағы әйелдің жансыз денесі табылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін