Жарияланды: 250

Қостанайда есірткі саудасымен айналысқан отбасы ұсталды

Қостанай облысында есірткі саудасымен айналысқан отбасы тұтқынға алынды. Ерлі-зайыпты ұзақ уақыттан бері героин сатумен айналысып келген.

35 жастағы ер азамат пен әйелі есірткіні Рудный қаласында сатыпты. Олар кезекті рет тауарды өткізбек болып, өлшеп жатқан кезінде ұсталды. Тіпті, бұлардың пәтерінен есірткі саудасына қажетті арнайы таразы, жіп және ақ ұнтақты салуға арналған пакеттер де табылған. Сатуға дайын тауарларды әйелі іш киім тұратын жәшікке жасырып келген. Тергеу барысында 163 грамм героин табылды. Бұлардың бағасы жарты миллион теңгені құрайды екен. Күдіктілер қазір тергеу қапасында отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін