шілденің бірінен бастап газдың тарифі бір адам үшін 229 теңге 89 тиынды құрады. Бұрын есептеу құралын орнатпаған тұрғындар бір кісі үшін 208 теңге төлеп келген болатын.
Есептеу құралын орнатқан абоненттер көгілдір отынның бір текше метрі үшін бұрынғы 19 теңге 70 тиынның орнына 21 теңге 70 тиын төлеуі тиіс.
Заңды тұлғалар 1 текше метр газ үшін бұрынғы 23 теңге 36 тиынның орнына 24 теңге 60 тиын төлейді.