Қостанайда көктайғақтан екі сағаттың ішінде ауруханаға 30-дан астам адам түскен
![]() |
Қостанайда көктайғақтан 30-дан астам адам жарақат алып, ауруханаға түскен деп хабарлайды 24.kz. |
Қостанай өңірінде ауа райы құбылып тұр. Бұған дейін апта бойы үскірік аяз сақталған еді. Тобыл табиғаты аяқ астынан жылып кетті. Ауа температурасы 0 градустан жоғарылап, қар еріп жатыр. Қала көшелері көктайғақ. Жолға жауап беретін арнайы мекемелердің жұмысшылары таңғы 4:00-ден бері аялдамаларға құм мен тұз аралас қоспа сеуіп жатыр.
Бірақ көктайғақтың кесірінен бірнеше бағыттағы қоғамдық көліктер ертеңгісін жұмыстарынан қалды. Соның салдарынан көптеген оқушылар да мектепке бара алмаған. Білім басқармасы бұл жағдайға түсіністікпен қарады. Алайда кешеден бері көшеде тайып құлап, жарақат алған адам саны күрт көбейген.
“Екі сағаттың ішінде 30-дан астам адам келіп түсті. Соның он шақтысын ауруханаға жатқыздық. Көбісінің тобығы тайған. Науқастардың көбеюінен травматология бөліміне қосымша орындар қойылды. Травмотологтардың жұмысы күшейтілді”, – дейді қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін