Қостанайда нан қымбаттады
![]() |
Қостанайда бірінші сұрып ұннан дайындалған салмағы 600 грамдық нан қымбаттады. |
Бұрын 46 теңгеден сатылған нан бұдан былай 51 теңге тұрмақ, деп хабарлайды қала əкімдігінің баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, бұған жанар-жағармай мен электр энергиясының қымбаттауы сынды факторлар əсер етті. Сондай-ақ, жалақыны өсіру мен өндірісті жаңарту қажеттігі туындап отыр. "Наубайханалар шығынға батып отырғанын айтып жиі шағымданып жүр" делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін