Қостанайда оқушы қызды азаптап өлтірді деген күдіктіге қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда оқушы қызды азаптап өлтірді деген күдіктіге қатысты сот басталды

Қостанайда оқушы қызды азаптап өлтірді деген күдіктіге қатысты сот басталды

Қостанайда 7 жасар қыздың өліміне қатысты шулы сот отырыс басталды.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz


Айыпталушы орындығында Виктория Ганяны азаптап өлтірді деген күдікті. Бүгінгі алғашқы тыңдалымда процесс жабық өтетін болып шешілді — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

32 жастағы Денис Лесников сот залына қатаң қарулы күзетпен жеткізілді. Ақпараттарға қарағанда, күдіктінің де екі бірдей баласы бар екен. Ал 60 томдық қылмыстық іс алқабилердің қатысуынсыз өтпек. Айыпталушының қалауы солай болыпты. Соттың алғашқы отырысы 26-шы қаңтарға белгіленген. 7 жасар Виктория былтыр сәуірде із-түзсіз жоғалған еді. Бір ай бойы оны бүкіл полиция мен мыңдаған ерікті іздеп, ақыры Рудныйдың шетіндегі ескі ғимараттардың бірінен өлі денесін тапты. Бүлдіршінді зорлап, кейін азаппен өлтірген. Заң өкілдерінің мәліметінше, айыпталушы Денис Лесников тағы 4 адамды өлтірген көрінеді. Онымен қоймай 5 рет ұрлық жасап , үш әйелді зорлаған.